— Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Барлау барысында Сасықкөл көлінің жағалауындағы жетуі қиын батпақты аумақта шамамен 30 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыстың жанғаны анықталды, — делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, өрт шыққан жерге техника бара алмайтындықтан, өртті ауыздықтау қиынға соққан. Соған қарамастан, ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізііп жатыр.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда.
Айта кетейік, елімізде бір тәулікте найзағай салдарынан төрт орман өрті тіркелді.