— Тәрбие жұмысы — жан-жақты дамыған, жауапты әрі отаншыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-кодын кезең-кезеңімен енгізу еліміздің барлық мектебінде жалғасын табады. Оның мақсаты — заңға бағынатын, азаматтық жауакершілігі жоғары адал азамат тәрбиелеу. Жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экологиялық ағарту жұмысының бірыңғай стандартын қабылдау және енгізу жоспарланған, — деді министр.
Оның айтуынша, қосымша білім беру жүйесінде білім беру, спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды бірыңғай цифрлық платформада біріктірген мемлекеттік бірыңғай тапсырыстың жаңа моделін апробациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
— Қыркүйек айынан бастап қосымша білім беруді басқарудың бірыңғай цифрлық моделіне көшу мақсатында жоба Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Павлодар және Абай облысында кезең-кезеңімен масштабталады, — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Бұған дейін жаңа оқу жылында оқушылар қандай курстарды міндетті түрде оқитынын жазған едік.