Жол қауіпсіздігін сақтау үшін 25 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Жалпы республика бойынша олардың саны 1,5 млн-нан асады.
– Олар көше, жол қауіпсіздігін бақылауға арналған. Енді оны одан әрі де ұлғайтатын боламыз. Цифрландыру жүргізіліп жатыр, ауылдарға да жетті. Сол себептен бұл жұмысты күшейтетін боламыз, - деді Ержан Сәденов.
Спикер автомектептерге жеке тоқталып, оның түлектері аз уақытта жол-көлік оқиғасына ұшыраса, ауыр дене жарақатын алса, ол үшін жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.
– Ол адам автомектеп ашамын, оқытамын дегенде өзінің жауапкершілігін түсінуі керек. Автомектептер – жай ғана бизнес емес, жүргізушіні дайындайтын адам. Автокөлік – аса қауіпті көлік құралы, - деп атап өтті Ержан Сәденов.
Қарағанды автомектептерінің түлектері деректер базасындағы ақауға байланысты емтихан тапсыра алмай жүргенін жазған болатынбыз.