Техникалық ақаулар 22 қараша, жексенбі күні, Алғыс айту күні қарсаңында болып отыр.
Таңертең әуе компаниясы рейстердің ұшуын қамтамасыз ету үшін салмақты уақытша қолмен есептеуге көшкенін хабарлады. Артынша автоматты жүйенің жұмысы да қалпына келтірілді.
FlightAware мәліметтері бойынша, жексенбі күні кешке қарай Delta компаниясының 2 мыңдай ұшағы, немесе рейстердің 58%-ы кешіккен. Әуе компаниясы рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының шамамен 70%-ы техникалық ақауларға, ал қалғандары қолайсыз ауа райына байланысты екенін мәлімдеді.
Әуе компаниясы жолаушыларды ыстық тамақпен, қонақ үймен қамтамасыз етуге қолғабыс еткен. Федерал азаматтық авиация басқармасының (FAA) талаптарына сәйкес, ұшақтың салмағы мен балансына қойылатын шектеу ұшудың қауіпсіздігі үшін шешуші маңызға ие.
Еске сала кетейік, алдыңғы аптада FAA жүйесіндегі ескі инфрақұрылымнан туындаған ақау салдарынан мыңдаған ұшақ ұшпай қалған.
Бірнеше күнге созылған ақау салдарынан ондаған мың рейс кешікті. Бұл 2001 жылғы 11 қыркүйек терактілерінен кейінгі АҚШ әуе қатынасындағы ең ұзақ жалпыұлттық үзіліс болды.