АҚШ билігі техникалық ақаудың бір мезгілде ұйымдастырылған кибершабуылдан туындағанын растайтын ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.
Ұлттық барлау директоры Джей Клейтон сейсенбі күні CNBC және Fox Business телеарналарына берген сұхбатында бұл оқиғалар компаниялар мен ұйымдардың өз жүйелерін жаңартуға немесе жетілдіруге жасаған әрекеттерінен туындағанын айтты.
– Бұл кибершабуыл да, мемлекеттің үйлестірілген әрекеті де емес. Біз жағдайды мұқият тексердік, – деді ол.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің компьютерлік желісінде техникалық қызмет көрсету кезінде ақау шыққаны хабарланды. Алайда бұл жағдай агенттіктің АҚШ-тағы ауқымды электронды бақылау жүйесінің жұмысына әсер етпеген. Мұндай қысқа мерзімді ақаулар мен жұмыстың уақытша тоқтауы үкіметтік желілерде жиі кездеседі.
Ұлттық қауіпсіздік агенттігіндегі ақау соңғы күндері Microsoft, АҚШ Федералдық авиация басқармасының жүйелері,
JPMorgan Chase банкі мен United Airlines қызметінде болған техникалық ақаулардан кейін тіркелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бүкіл әлемде ChatGPT және басқа да сервистердің жұмысы істен шыққаны хабарланған болатын.