Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 518 – 524 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: freepik

Ұлттық банктің 27 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 515,25 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 535,91.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525,5 теңге. Еуро 534 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,94 теңгеге қымбаттап, 516, 05 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр