Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 – 505 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,86 теңге. Еуро — 526,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 524— 528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,68 - 5,86 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 26 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,28 теңгеге қымбаттап, 501,04 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.