Ұлттық банктің 9 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 530,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514,5 теңге. Еуро 530 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 510 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23 - 5,31 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 511,01 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.