АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасы спортшы қызды зорлау және өліміне қатысты істің қатысушыларына жазаны қатаңдатты.
Сот істің бас фигуранты Нұргелді Сейітқалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қылмыскерлердің біріне 16 жыл, қалған үшеуіне 13 жылдан жаза берелді.
Айта кетейік, Ақтауда спортшы қызды 5 тұрғын күшпен алып кетіп, қорлап, зорлық көрсеткен еді. Салдарынан 30 жастағы қыз өзіне қол жұмсап, қаза тапты.
Бұған дейін 30 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотында Әлина Серікованың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы өтті.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.