Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлады.
Атап айтқанда, әкімнің бірінші кездесуі 31 қаңтарда Сазды селолық округінің Мәдениет үйінде өтеді. Әкім сондай-ақ Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездеседі. Ал ақпан айында әкімнің қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы қызметкерлерімен кездесуі болады. Тағы екі жүздесу №31 орта мектепте және облыстық драма театрында өтеді.
Қала тұрғындары әкімге қоятын сауалдары мен айтатын ұсыныстарын арнайы орнатылған жәшіктерге сала алады, қалалық әкімдіктің 21-54-68 нөмірлі телефонына немесе ak_aktobe@mail.ru электрондық адресіне жолдай алады.