Ақтөбе қаласында қоқыс шығару компаниялары жұмысын тоқтатты

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоқыс шығаратын үш компанияның екеуі жұмысын тоқтатты. Қазір осыған байланысты әкімдікте жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың бірбөлігіндегі қатты қалдықтарды шығарған №27 басқарушы компаниясы және «ТазаЛайф» жеке кәсіпкері өз жұмысын тоқтатты.

«Қаржылыққиындықтарға байланысты екі компания өз жұмыстарын тоқтатып жатыр. Олар – №27басқарушы компаниясы мен «Таза Лайф» жеке кәсіпкері. Себебі қазіргі тарифарнайы техника мен қызметкерлерді ұстауға арналған қаржыны өтей алмай отыр.Ақтөбеде әр адамға 104 теңге. Тұрғындардың 60% қоқыс шығаруға төлемін жасамайжүр. Сондай-ақ Ақтөбеде ірі қоқысты жинау мәселесі күрделі болып тұр. Мәселенжиһаздар, құрылыс қалдықтары, сантехниканы шығару мәселесі тарифкеенгізілмеген», - деп хабарлады қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықбөлімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеқаласының әкімі МаврАбдуллинніңтапсырмасымен жеделштаб құрылды. Екіқоқыс компаниясына тиесілі аумақты өзге компания тазалайды. Олар әзірге ақысызқызмет көрсетпек. Әрі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жаңа байқаужарияланады.

Еске салсақ, Ақтөбедегі екі қоқыс компаниясы жұмысын тоқтатып, 2018 жылы қалааумағы он бөлікке бөлінді. Сәйкесінше 10 компания қызмет көрсетуін бастағаныменарада айлар өткенде бәрі бірінен соң бірі жабылды.

Бүгінде соңғы үшкомпанияның екеуі жұмысын тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар