Ақтөбеде қоқысқа байланысты тұрғындардың шағымы көбейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс уақтылы шығарылмай жатыр. Бұрын қоқыс шығарған компаниялар жұмысын тоқтатып, қала он учаскеге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғындары апта бойы сыртқа шығарылмаған қоқысты суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр. Мәселен, қаланың Красногорская, Жаманқұлов, Кошевой, Әбілқайыр хан, Рысқұлов көшелері мен даңғылдарындағы жағдай көптің шағымын күшейтті.

Қала әкімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы шағым түскен көшелердің тазартылғанын хабарлап отыр. Бұрын қоқыс шығарған компания жұмысын тоқтатып, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша қоқыс шығару жұмыстары басқа компанияларға жүктеліп жатыр.


null«Ақжол LTD» ЖШС қоқыс шығару жұмысын тоқтату туралы хабарлаған соң қала тазалығын қамтамасыз ету үшін «Табыс Ақтөбе» және «БатысКомерцСпецСтрой» компаниялары барлық жұмысты тегін атқаруға келісім берді. «Ақжол LTD» ЖШС қоқыс шығаруды осы жылдың 1 мамырына дейін жалғастырамыз деп хабарлағанымен, шын мәнінде олай болмай шықты. Әлеуметтік желілерде шағымданушылардың көбейгені соны дәлелдейді. Осы кезге дейін қала аумағынан қоқысты 2 компания, ауылдық округтер аумағынан 1 жеке кәсіпкер шығарып келсе, бұл кей жағдайда жұмыстың сапасына кері әсерін тигізді. Кәсіпорындар өте үлкен аумақты тазартып, кейде үлгермей жатты. Осыған байланысты Ақтөбе қаласы әкімдігі қоқыс шығару жұмысының сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды қабылдап, конкурстық негізде компанияларды анықтауды қолға алды. Қала мен елді мекендердің аумағы 10 учаскеге бөлініп, арнайы техникасы бар шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуына тиісті жағдай жасалды. Конкурс нәтижесі бойынша жауапты компаниялар анықталып, жұмысын шұғыл түрде бастап кетті. Қазіргі күні бұл компаниялардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада қала аумағында қоқыс шығару жұмысы тиісті сапалы деңгейге өтеді деп сендіргіміз келеді»,- деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің баспасөз қызметі.


nullАйта кетейік, Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоқыстың уақтылы шығарылмауына, санитарлық талаптың сақталуына жауап бере алмайтындарын жеткізді. Егер тұрғындар шағым түсірсе, ол хатты жергілікті әкімдік пен жергілікті полиция қызметіне бағыттай алады. 

Соңғы жаңалықтар