Ақтөбе қаласында үш шағынаудан жылусыз қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Болашақ, Кеңдала және 12-шағынаудан жылу мен ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы 12-шағынаудандағы 26 үй маңында бекіту арматурасы сынды.

«Жұмыс кезінде жер қазылған жоқ. Ол арматура жылу құдығында орналасқан. Осыған байланысты 12 және Болашақ, Кең дала шағын аудандарындағы бірнеше тұрғын үйде жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аздаған уақыттан кейін коммуналдық қызмет қалыпты режимде беріледі»,- деп хабарлады «Aqtobesy-energy group» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде газ қысымы төмендеп, саяжай тұрғындары көмек сұраған болатын.

Президент те Үкімет отырысында жылу маусымы кезінде бірнеше облыста ақау болғанын айтты.