АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Құтқарушылар Мамыр, Нұра, Белшер, Күйліс ауылдарынан тікұшақтың көмегімен 1184 тұрғынды, оның ішінде 643 баланы эвакуациялады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 623 тұрғын уақытша орналастыру пункттерінде, 541 тұрғын туыстарына орналастырылған.
Күйліс ауданының Құлыс, Жайсанбай және Белшер ауылдарында құтқарушылар тәулік бойы бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақты.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)