АСТАНА. KAZINFORM – Полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында аудандардың бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталды.
Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен.
«Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.