Ақтөбенің Мәртөк ауданында коронавирус жұқтырғандар саны артып, шектеу шаралары күшейтілген болатын. Жаңа қаулыға сәйкес бірқатар жеңілдік берілді.
«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде Мәртөк ауданында шектеу шарасы жеңілдеді. Аудандар бөлінісінде бағалау матрицасына сәйкес Мәртөк ауданы «жасыл» аймаққа кірді», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Хромтау ауданында да шектеу шарасы күшейтілген еді. Мұнда ірі сауда орындары, базарлар жексенбі күндері жұмыс істемейді.