Полицияға белгісіз біреудің үйдегі пластикалық терезені сындырып, жасырын түрде зергерлік бұйымдар мен ақшаны ұрлағаны туралы хабар түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қаладағы Шернияз көшесінен Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Оның «Toyota Camry-50» автокөлігін тінту кезінде қобдишадан зергерлік бұйымдар мен ірі сомадағы ақша табылды.
«Ұрлық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі, яғни, «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, ол күзет жүйесімен жабдықталмаған үйлерді таңдаған. Сонымен қатар Ақтөбедегі 5 пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.
Айта кетейік, күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
11:10, 25 Желтоқсан 2020
Ақтөбе полициясы пәтер тонаған күдіктіден ірі көлемде ақша тәркіледі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 елді мекеніндегі үйден бағалы алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.