Ақтөбеде 100-ден астам қалта ұрысының фотосы қоғамдық орындарға ілінді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы 100-ден астам қалта ұрысының фотосын автобустар мен аялдамаларға іліп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұрылар таңертең сағат 7:30 бен 9:00 және кешкі сағат17:00 мен 19:00 аралығында автобус ішінде жүреді.
«Әйелдер мен қыздар ақшаларын, ұялы телефондарын, бағалы заттарын ұрлатыпалады. Құжаттар мен әмиянды полиэтилен пакетке және артқы қалтаға салып жүругеболмайды. Жолаушыларға тым жақын тұрмаған жөн. Жыл басынан бері Ақтөбе қаласыаумағында 358 қалта ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 45 адам ұсталды. 59 қылмыстықіс дәлелденіп, бірнеше ұрлық жасағандары да анықталды», - депхабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қалта ұрлығына қарсы күресті күшейту және алдын алу мақсатында«Автопарк» серіктестігі мен «Троллейбус паркі» мекемесініңқызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. «Абайлаңыз, қалта ұрылары»атты буклеттер жасалып, қалта ұрылары ретінде ішкі істер органдарында есептетұрған 78 адамның фотосуреті мен көрнекі плакаттар автобус ішіне ілінді.

Ақтөбеоблыстық полиция департаментінде 100 адам қалта ұрысы ретінде арнайы есепте тұр.Биыл оған тағы 20 адам қосылды.

Соңғы жаңалықтар