Ақтөбеде 1200 жас әскер қатарына шақырылады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында шақырылатын ақтөбеліктер еліміздегі бірнеше әскери бөлімге жіберіледі. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбеліктер Қарулы күштер қатарына, Ұлттық ұланға, ҰҚК шекара қызметіне, ТЖМ және де мемлекеттік күзет қызметіне алынады.

— 18-27 жас аралығындағы денсаулығы жарамды жастар шақырылады. Әскерде қызмет ету жастардың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Биыл sms хабарламалар жіберіледі. Қағаз нұсқадағы құжат та мекенжайына немесе жұмыс орнына жолданады. Сонымен бірге жолдаманы жергілікті әскери басқару органдарынан ала алады. Биыл Ақтөбеден 1200 жас әскер қатарына алынады, — деді Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы Әділет Отарбаев.

Айта кетейік, көктемде Ақтөбеде 1100-ден астам жас әскер қатарына қабылданды. Биыл Ақтөбе облысы бойынша 84 сарбаз білім грантын иеленді.

Еске салсақ, күзде елімізде шамамен 22 мың жас қазақстандық Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың қатарына қосылады. Астананың өзінен биылғы күзгі шақырту науқаны аясында 1000-нан астам жас әскер қатарына жіберіледі. Биыл әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған