АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полиция Түрікменстанда кісі өлтіріп, қашып жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түрікменстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан қылмыскер ұсталды. 46 жастағы азамат 2001 жылдың қаңтарында өзінің таныстарымен алдын ала сөз байласып, елінде қарақшылық шабуыл жасап, қасақана кісі өлтірген. Оның екі сыбайласы қылмыс жасағаннан кейін ұсталып, әртүрлі мерзімге сотталды. Ал ол Қазақстанның өңірлерінде жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта Түрікменстан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды», -деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Кейін күдікті көрші елдің полициясына беріледі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.