АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апатынан 55 жастағы тұрғын көз жұмды. Оқиға облыс орталығындағы Мәншүк Мәметова көшесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты жиіледі. Биыл 200-ге жуық жол апатынан 20 адам көз жұмған. Оның тоғызы жаяу жүргінші.
«Ақтөбе қаласындағы Мәншүк Мәметова көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. 55 жастағы жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Салдарынан 23 жастағы қыздың көлігінің астына түсіп қалды. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.