Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдаманың әйнек бөлшегі құлап түсті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында аялдамада автобус күтіп тұрған үш адам ауруханаға түсті. Олардың үстіне әйнектің бір бөлшегі түсіп кетті.

Фото: Pyxabay.com

Оқиға Ақтөбе қаласы Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы «Алтын квартал» аялдамасында болды. Әйнектен жасалған аялдама павильонына жарнама іліп жатқан кезде шыны шытынап кетті.

— Аялдаманың әйнек бөлшегі адамдардың үстіне құлаған. Үш әйел ауруханаға жеткізілді. Жұмысына салғырт қарап, сапасыз қызмет көрсету, қауіпсіздікті ескермеу дерегі бойынша тергеу басталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.