Ақтөбеде әкімдік ғимаратының алдына жедел штаб құрылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Өрт сағат шамамен сағат 20:28-да болды. Бір сағаттан соң оқшауланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратының шатырындағы өрт ауданы 300 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінен 33 техника мен 120-дан астам адам жұмылдырылды.
- Облыс әкімдігінің шатыры жанды. Төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Ол 33 техника мен 120-дан астам адам. Өрт оқшауланып, сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Нақты себебі өрт толық сөнген соң анықталады. Зардап шеккендер жоқ. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалады,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Айбат Жаңабергенов.
Қазіргі кезде оқиға орнын полиция мен арнайы жасақ қоршауға алды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін кешкілік 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт шықты.