АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы ірі супермаркет ішінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Қазір қаладағы бірнеше жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаладағы «Дина» супермаркетінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Кез келген жағдайға дайын болуы үшін, қару-жарақтың әзірлігін тексеру үшін ұйымдастырылды. Сабырлық сақтап, жалған ақпарат таратпауын сұраймыз»,- деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Терроризмге қарсы жедел штаб Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр, Әлия Молдағұлова даңғылдары мен бірнеше шағын қиылыстарды уақытша жапты. Ал негізгі оқу-жаттығу ірі супермаркет ішінде өтіп жатыр. Сценарий бойынша лаңкес адамдар көп шоғырланған орында өз-өзін жарып жібермек болған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.