Ақтөбеде әскерге шақырылушы комиссариатта қарсылық көрсеткені үшін жазаланды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбелік әскери комиссариатта медициналық тексеруден өтеуден бас тартты. Сол кезде әскерилер полиция шақырып, арты дауға ұласты.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әлеуметтік желіде полиция мен ер адам арасында тартыс туып, әйелдің жан ұшыра айқайлағаны, баласын жіберуін өтінгені жайлы видео тарады. Артынша жігіттерді ұстап, әскерге жіберіп жатқаны жайлы айтылды. Ал облыстық ПД баспасөз қызметі ақпараттың өрбу жолын түсіндірді. 

— Полиция қызметкерлері жанжал болған жерге шақыру түскен соң барды. Әскери комиссариатқа жеткізілген азамат медициналық комиссиядан өтуден бас тартқан. Осыған байланысты әскери комиссариат өкілі мен әскерге шақырылушы арасында жанжал туындаған. Сонымен қатар әскерге шақырылушы полиция қызметкерлеріне бағынбады. Осы факті бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әскери-тергеу басқармасына жіберілді. Әскерге шақырылушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы, яғни, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбауы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, БҚО-да шекарада қызметіне салғырт қараған әскери қызметші қамауға алынды