АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты.
«Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді. Сонымен бірге бірнеше жолаушы жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына барды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Қазіргі мәлімет бойынша, зардап шеккен жолаушы жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.