Сатып алушы рөлінде полицияның жедел қызметкері байланысқа шыққан.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 135 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Айғақ заттар - 200 мың теңге көлеміндегі қаржы тәркіленді. 23 жастағы күдікті қамауға алынды.
Бүгінде ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірге нәрестені Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне тапсыру мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.