АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысында жел күшейіп, боран соғып тұр. Бүгін барлық білім беру мекемесінде сабақ қашықтан болады.
Ақтөбеде балабақша, мектеп, колледж секілді барлық тәрбие, білім беру мекемесі бүгін қашықтан ғана жұмыс істейді.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақтөбе облысының барлық білім беру мекемелерінде оқу процесі қашықтан ұйымдастырылатынын хабарлайды», — деп жазды Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Еске салсақ қазіргі кезде Ақтөбеде қатты боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетті.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.