АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы 26 жастағы жігітке іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бекболат Шофер Байғанин ауданы Жарсай ауылының тумасы. Дегемен ол Ақтөбе қаласында тұрған. Биыл 23 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
«Ол сағат 08:00-де жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Бекболат Шофер қаратүсті бас киім, алдында жазу бар жеңіл күртеше, қара түсті шалбар, ақ түсті аяқ киім киген. Бойы 170-175 см. Арықша келген жігіттің шашы қара. Құлағы үлкен, ерні қалың, көздері қысыңқы, қоңыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.