Айта кетсек, оқиға 9 наурыз күні Шайкенов көшесі бойында орналасқан букмекерлік кеңседе болған. Таңғы сағат 3-тен кеткенде қолына пышақ тәрізді өткір зат ұстаған екі адам кассада отырған қызметкерлерді қорқытқан. Кейін 120 мың теңге мен кассирдің әмиянын алып кеткен. Əмиянда 50 мың теңге болған.
Өткен аптада қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды.
«Арада 18 күн өткенде, яғни 27 наурызда полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Қарақшылық шабуыл жасаған облыс тұрғыны ұсталып, одан жауап алынды. Қазіргі кезде екінші күдіктіні ұстау шарасы жүріп жатыр. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.