Ақтөбеде денесі өзеннен табылған оқушы мен ер адамның ісі қысқартылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Оқушы Ислам Төреғали мен 27 жастағы ақтөбелік Сырлыбай Саматтың өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҚР ІІМ

Ислам Төреғали мен 27 жастағы ақтөбелік Сырлыбай Самат былтыр қараша айының 30-ы күні жоғалып, арада екі күн өткеннен кейін денелері өзеннен шығарылды. Іздестіру жұмыстары кезінде екеуінің де ұялы телефоны табылды. Полиция қызметкерлері сол кезде олардың денесінде қандай да бір зорлық-зомбылық белгісі анықталмағанын жеткізді.

- Іс қысқартылды, қылмыс құрамы жоқ, - деп қысқа қайырды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, екі отбасының ата-анасы ол кезде «құпия өлімнің себебі болуы» керек деп тергеудің әділ өтуін сұрады. Себебі моншада жұмыс істеп жүрген оқушы үйіне қарай бұрыла бергенде белгісіз бір көлік оның соңына ілескен. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл видеоны полиция да қарап шықты