Ақтөбеде дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Дәурен Қуаныш бұған дейін де осы басқармада бөлім басшысы қызметін атқарды.

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен тағайындалды. Дәурен Қуаныш 2014 жылы Экономикалық-құқық колледжін құқықтану, 2023 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін Құқық мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жетекші маман болды. Бұл оның алғашқы жұмыс орны.

- 2017-2021 жылдары аралығында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінде бас маман, сондай-ақ қалалық терроризмге қарсы комиссия жұмысы жөніндегі үйлестіру бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған. 2023 жылы Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қараша айында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастар бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Ал 2024 жылдың шілде айынан бастап осы бөлімнің басшысы қызметін атқарып келді,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте екі басқармаға жаңа басшы келді. Шымкент қаласында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен балалар құқығын қорғау басқармасының басшылары тағайындалды