Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қараша айында Байғаниннің Қызылбұлақ және Шалқардың Бершүгір ауылдық округтерінде сайлау өтеді. Бүгінде кандидаттарды тіркеу аяқталды. Сайлау науқаны басталғаннан бері алты кандидат ұсынылды.
— Алты кандидаттың екеуі — «Әділет» партиясынан, төртеуі — өзін-өзі ұсынғандар. Бір округке орташа бәсекелестік үш адамнан келеді. Кандидаттардың орташа жасы — 36. Ең жасы 29-да, үлкені 41-де, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссия.
Еске салайық, қыркүйек айында Ақтөбеде сегіз ауылдың әкімі сайланды. Сайлау облыстың бес ауданында өтті. Әкім болғандар арасында бұрынғы мектеп директорымен қатар өз қызметін сақтап қалғандар да бар.