АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргізуші қолайсыз ауа райын ескермей, жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мазда-3» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, Ақтөбе қаласы Жанқожа батыр көшесі бойындағы жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші, 31 және 50 жастағы әйел Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Жол-қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.