Халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғасы көбейді.
«Бүгін Самара-Шымкент тас жолының 908 шақырымында Nissan жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік қозғалысының қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция қызметкерлері жол-ережесін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға үндеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды.