«Оқиға Ақтөбенің 41-ші разъезі ауданында орын алды. Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері түн жарымына қарай жедел-іздестіру шараларының барысында КА-168/3 қоныс колониясынан қашып кеткен қылмыскерлер мінген Тоyота көлігін байқаған. Бір апта бұрын екі сотталушы қаладағы медициналық мекемелердің біріне барғанда іздерін суытқан», - дейді Ақтөбе облысы бойынша Қлымстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Ернат Ақылжанов.
Алайда, Тоyота (минивен) көлігін мінген сотталушылар көзге түскендерін байқап, тұрған жерінен қозғала кеткен. Сол сәтте ерлік танытқан Нұржан Жидеханов көліктің руліне жабысты да жараланбау үшін көзді ашып жұмғанша, көліктің төбесіне шығып алады.
Көлік 10 шақырымдай жер жүрген соң Нұржан Әділханов жерге қарғып түскен. Сол сәтте Ақтөбе облыстық Ішкі істер басқармасының жол-патрульді қызметі мен жергілікті полиция қызметкерлері көліктің жолын жапқан.
Сотталушылар сонда да қарсылық танытып, ақыры қолға түсті. Көлікті тінту шараларының барысында оғы бар қару табылған.
«Қылмыскерлер мінген көліктің төбесінде отырып, оларды аңдыған Нұржан Жидехановтың екі беті, қолы мен құлағы үсіп кеткен. Қазір ол ауруханада», - деп хабарлады Ернат Ақылжанов.