Ақтөбедегі супермаркеттің қауіпсіздік қызметі 27 жастағы қала тұрғынының еміне арналған қайырымдылық жәшігінің жоғалып кеткені туралы арыз жазып, полицияға хабарлады. Оқиға түнгі уақытта тіркелген.
«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру кезінде 20 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті үшінші рет қайырымдылық жәшіктерін ұрлап тұр. Дүкендердегі жәшікке жиналған қаржыны ұрлап, кейін ақшаны өз кәдесіне жаратып отырған. Үш жәшікте 150 мың теңгеге жуық қаржы болған екен»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.