АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тас жолында көктайғақ салдарынан автобус аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде аударылып қалды. Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық пен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.