Коменданттық сағат кезінде 23:00-ден кейін де жүруге болады. Тек коммуналдық мекеме қызметкерлеріне басымдық беріледі.
«Коммуналдық мекеме қызметкерлері күні-түні жұмыс істейді. Олар ақпарат алу үшін 8 (7132) 72 90 25, 729-022 телефон нөмірлеріне қоңырау шала алады. Комендант рұқсатнамалары тек аса қажет болған жағдайда ғана берілмек. Ал әуежай мен теміржол вокзалынан жолаушыны күтіп алатындар жүру билетін көрсетсе болады. Егер қолда билет болмаса, таңғы сағат 07:00-ге дейін сол вокзал мен әуежайдан шықпаған дұрыс. Талап орындалмаса әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынады. Түнде такси қызметі жұмыс істемейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.