АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде күнбағыс майын шығаратын компания өнімін зауыттан дүкенге жеткізуден бас тартты. Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Күнбағыс майының көтерме сауда нарығындағы бағасы тексерілді. Компанияның қаланың ірі сауда желілеріне тікелей өткізуден бас тартқаны анықталды. Өнім делдал арқылы сатылып, баға көтерілгені белгілі. Бұл бәсекелестікті қорғау туралы заңнамаға қайшы келетін іс. Қазіргі кезде компанияға бұл ісінің бұрыс екені туралы хабарлама жіберілді. Хабарламаны алған өндіруші талапты толық орындамады», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті бөлімінің бас маманы Гүлсара Қалиева.
Кейін облыстық табиғи монополияға қарсы департамент тергеуді бастады. Тергеу кезінде дерек анықталса, шара қолданылады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.