АСТАНА. KAZINFORM- Ақтөбе қаласының прокуратурасы қабылдаған қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Тексеру барысында жер учаскелерін заңсыз беру және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмау фактілері анықталған.
Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, прокуратураның жер заңнамасының сақталуына жүргізген талдауы жер учаскелерінің белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде міндетті конкурстық рәсімдер өткізілмей берілгенін көрсетті.
Сонымен қатар жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.
Осыған дейін БҚО-да 6 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.