Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы кәмелет жасқа толмаған 180-нен астам бала қылмыстық жазаға тартылды. Оқушылар арасында қылмыстық жазаға тартылғандар қатары 20, колледж студенттері 25 пайызға өсті. Оның көбісі ұрлық, тонау, алаяқтық, әлімжеттік жасау. Сондықтан алдағы 2-3 жылда мектепті түгел инспектормен қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Ақтөбе облысында 456 білім беру мекемесі бар. барлығы 114 мектеп инспекторы жұмыс істейді. Бір инспекторға 4 білім беру мекемесінен келеді. Олар аптасына екі рет мектепке баруға да үлгермейді. Қазір тағы 170-тен астам инспектор керек, оның 59-ы облыс орталығына беріледі. Бұл жағдай облыс әкіміне айтылды. 2-3 жылда мәселе шешілуі тиіс», - Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов.
Айта кетейік, полиция өткен жылы 8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың алдын алды. Барлығы 3,5 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бір жыл ішінде 600-ден астам жасөспірім есепке алынды. Биыл жасөспірімдер қылмысы 4 есеге азайды», - деді М. Абисатов.