Мектеп түлектерінің бұл ісі әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері жол-көлік қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтап, жазалады.
«Түлектер автокөлік терезелерінен шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген. Автокөлік жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Түлектердің ата-аналары кәмелетке толмаған балалары үшін жауапты екенін ескертеміз және бүгін мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырамыз. Сонымен қатар, жалдамалы үйлер мен пәтерлердің иелері қандай да бір іс-шараларды атап өтуге рұқсат бермеуі тиіс. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдері немесе ата-анасының жанында болуы керек», - деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Сонымен бірге облыстық төтенше жағдайлар басқармасы да өзен жағалауында бақылауды күшейтті. Биыл Ақтөбе қаласында 4 адам суға батып кетті. Оның екеуі бала.