Ақтөбеде мектепке «бомба қойған» күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «мектеп ішінде жарылғыш зат бар» деп жалған ақпарат берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 26 қаңтар күні сағат 15:55-те тіркелді. Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық полиция бөліміне «№5 Қандыағаш орта мектебіне жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат түсті.

«Полиция қызметкерлері мектеп күзетшілерін сыртқа шығарды. Кейін саперлер мектеп ішін қарап шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Осы оқиға бойынша ішімдік ішкен жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.