Ақтөбеде мектептерді сақтап қалу үшін көпбалалы отбасылар ауылға көшіп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Барлығы 80 мектепте бала саны жетпейді. Қазіргі кезде 13 мектептің мәселесі ғана шешілді. 

Фото: Сұлукөл орта мектебінің директоры А.Өтегенова

Ақтөбе облысындағы ауылдарда оқушы саны жылдан жылға азайып жатыр. Биылғы оқу маусымында 80 мектепке тізімге ілікті. Себебі мұнда Оқу-ағарту министрлігі бекіткен талап орындалмай тұр. Норматив бойынша бастауыш мектепте кемінде 5, негізгі мектепте 41, орта мектепте 81 оқушы болуы керек.

— Бұған дейін аудан әкімдеріне ауылдарға көпбалалы отбасыларды тартып, оларға үй беру, балаларды мектепке дайындау және оларды шаруа қожалықтары арқылы жұмыспен қамту тапсырылған еді. Қазіргі таңда Алға, Қобда және Мұғалжар аудандарындағы 13 мектепке 17 отбасы қоныстанып, 50 баламен нормативке жетті. Сонымен қатар 26 ауылға 44 отбасы (122 бала) көшіп келді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Бұған дейін ауыл әкімі, мектеп директорлары мен мұғалімдер көпбалалы отбасыларды ауылға шақырып, көшіп келуін сұрады. Ауылға қоныстанған отбасыларға баспана беруге әзір отыр. Тек оқушы емес, кейбір мектепте мұғалім де тапшы

Еске салсақ, бұған дейін жаңа оқу жылында 6 мектептің қолданысқа берілетіні туралы айтылды. Оның төртеуі «Келешек мектептер» жобасы аясында бой көтерді