АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде белгісіз біреу мешіттегі сейфке ұрлыққа түсіп, садақадан жиналған ақшаны алып кеткен. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылының мешітіндегі сейфтің құлпы бұзылып, садақадан жиналған ақшаның ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру өткізіп, көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
«Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.