АСТАНА.KAZINFORM — Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның алдын ала мәліметінше, оның өліміне найзағай соғуы себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
— 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғу салдарынан) болған, — делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соққанын жаздық.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)