Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан тұрғындардың өзеннен қайықпен өтіп жатқанын көруге болады. Өзеннің екі бетіне арқан тартып қойған. Қайыққа мінген адам жіпті тартып, қозғалады.
- 27–28 сәуір күндері жауған нөсер жаңбыр салдарынан Қайыңды ауылдық округіндегі Бабатай өзені арнасынан тасыды. Соның нәтижесінде автокөлік қозғалысы уақытша қиындап, тұрғындардың қауіпсіз өтуі қайық арқылы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақтанып, су деңгейі төмендеді, Бабатай ауылына қатынас толықтай қалпына келтірілді,- деп хабарлады Темір ауданы әкімдігі.
Айта кетейік, Ырғыз ауданының Жарма ауылында электр бағаналары құлады, ал Шеңберталда үйлердің шатыры тесіліп қалды.