АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысын іздеуге полиция қызметкерлері мен кинологтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы үйінен шығып, қайтып келмеген.
Іздеу жұмыстарына 30 полиция мен 10 төтенше жағдайлар қызметкері жұмылдырылды. Оларға қосылып екі арнайы техника мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар шықты. Сонымен қатар көршілес Қобда ауданынан 40 полиция қызметкері бар. Кинологтар да іздеуге кірісті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.