Қарғалы ауданы Жосалы ауыл маңындағы Қуағаш өзенінде жазатайым оқиға болды.
Мектепте слесарь болып жұмыс істейтін 59 жастағы ер адам көз жұмды.
— 1967 жылы туған ер адам түскі үзіліс кезінде Жосалы ауылы маңында демалған. Бұл жер суға түсуге арналмаған және жабдықталмаған. Куәгерлер ер адамды жедел түрде судан шығарып, тыныс алмай жатқанын анықтаған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тынысы қалыпқа келген. Оны медициналық мекемеге жеткізгенімен, көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Айта кетейік, Ақтөбеде жағажайлардың көбі шомылу маусымына дайын емес. Сүңгуірлер су айдындарын тексеріп, тек 13-іне рұқсат берді. Ал 52 жағажайда құтқару құралдары түгел емес әрі көктемде су жүргенде көп жер бүлінген.